Шілдеде 78 мың қазақстандық дәрігер үстемақы алған

Оның жалпы мөлшері — 24 миллиард теңге


20/08/2020
14:24 47580 0

Фото дереккөзі:  mir24.tv

 

Шілдеде коронавирус індетімен күресіп жүрген 78 мың медициналық қызметкер үстемақы алған. Оның жалпы мөлшері — 24 миллиард теңге. Бұны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме беріп vlast.kz хабарлады.

 

— Қазақстанда COVID-19-бен күресіп жүрген 78 мың медицина қызметкеріне шілде айы үшін үстемақы төленді. Шілде айында Әлеуметтік сақтандыру қоры медициналық қызметкерлердің белгіленген жалақысынан бөлек қосымша 24 миллиардтан астам қаражат төледі, делінген қордың мәлімдемесінде. 

 

Сонымен қатар онда инфекциямен қауіпті жағдайда күресіп жүрген медициналық қызметкерлер саны ай сайын артып жатқаны айтылған. Маусымда үстемақы алғандар саны 53 мың болса, шілдеде 78 мыңға жеткен.

 

Естеріңізге салсақ, бұл үстемақы коронавирусқа қарсы күресіп жүрген медициналық қызметкерлерді ынталандыру үшін қарастырылған. Қауіп-қатердің ауыр-жеңілдігіне байланысты үстемақы көлемі — 212 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін.

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/08/2020 14:24
47580 0

Уведомление